Экс-премьер Асқар Мамин Түркияда көзге түсті

Qaz365.kz редакциясы

Ол Ыстамбұлда бой көрсетті

Видеодан скриншот

Қаңтар оқиғасына дейін Қазақстан Үкіметін үш жыл басқарған Асқар Мамин қазір демалыста. Былтыр Өзбекстанда хоккейшілерді марапаттаған экс-шенеунік енді Түркияда қыдырып жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер Денис Денски 58 жастағы Маминді Түркия көшелерінде видеоға түсіріп алған.
Соңғы рет ол Өзбекстанда хоккейшілерді марапаттаған кезде көзге түскен.

Айта кетейік, Асқар Мамин басқарған Үкімет 2022 жылы қаңтар оқиғасының бел ортасында тарап, орнына Әлихан Смайылов жайғасқан еді. Ал Мамин сол кеткеннен кейін ешқандай лауазымды қызметке тағайындалмады.