Мәжіліс депутаты: Жастар істесін

Qaz365.kz редакциясы
diapazon.kz

Мемлекет басшысы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осыған орай жақын арада Мәжіліс тарайды деген қауесет бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер Мәжіліс депутаты Ержан Құдайбергеннен келесі сайланымға түсіп-түспейтінін сұрады. Ол журналистерге берген жауабында келесі Мәжіліс сайланымына қатысуға ниетті емес екенін білдірді. Депутат жастарға орын беретінін, өзінің басқа жоспарлары бар екенін айтты.

“Екі сайланым отырдым. Жасымыз зейнетке жетті. Жастар істесін, басқа істесін. Менің басқа да жоспарларым бар. Елге барып жастарды еңбекке баулу, инвесторлар тартып, өңірді байыту ойым бар”, – деп жауап берді депутат.