Қазақстанның 22 әуежайы еуропалық инвесторлардың басқаруына беріледі

Qaz365.kz редакциясы

Шетелдік инвесторларға Қазақстан үш шарт қойып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан 20-дан астам әуежайды Еуропадан келген инвесторлардың басқаруына беруге дайын. Бұл туралы Еуроодақ-Орталық Азия көлік инвестфорумында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз Қазақстанның қалған 22 әуежайын еуропалық инвесторлардың басқаруымен жеке секторға беруге дайынбыз. Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік хаб болуына үлкен әлеует бар», – деді министр.

Әуежайлар жеке инвестицияларды тарту және әуежайларды транзиттік хаб ретінде дамыту үшін беріледі.

Бұған дейін Қарабаев Астана әуежайы араб инвесторларына берілгеннен кейін қалай өзгеретінін айтқан болатын.

Атап айтқанда, инвесторларға (олардың ішінде Abu Dhabi Ports) ұшу-қону жолағын жөндеу міндеті қойылды.

Қарабаевтың айтуынша, шетелдік инвесторларға Қазақстан үш шарт қойып отыр.