Ол жаңа қызметтегі жұмысын бастады
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.
«Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.