МӘМС-тің бірінші кезеңін жүзеге асыру сәтсіз аяқталды – Елжан Біртанов

Qaz365.kz редакциясы

Біртанов пен Ошақбаев арасындағы дау

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Халықтық партия төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев пен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арасында медициналық сақтандыруға қатысты дау шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рахым Ошақбаев Facebook желісіндегі парақшасында Елжан Біртановты МӘМС-ті ілгерілету үшін лобби жасады деп айыптады.

Ошақбаев сондай-ақ медициналық сақтандырудың тығырыққа тірелгенін, медициналық мекемелерді қарызға батырғанын және мұқтаж миллиондаған қазақстандықтардың медициналық қызметке қолжетімділігін тарылтқанын атап өтті.

Елжан Біртанов сынға жауап беріп, міндетті медициналық сақтандырудың бірінші кезеңін жүзеге асыру іс жүзінде сәтсіздікке ұшырағанын мойындады.

«Біріншіден, мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің дұрыстығына толық сенімдімін. Мен өз ұстанымыма берік адаммын. Екіншіден, сарапшылардың балама пікір білдіру құқығын мойындаймын. Ардақ Амангелдіұлы, менің ойымша, денсаулық сақтау экономикасы саласындағы сарапшы. Үшіншіден, иә, міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің бірінші кезеңін (2020-2023) жүзеге асыру іс жүзінде сәтсіз аяқталды. Көптеген себептер бар. Бұл туралы сұхбатта да айтылды», – деп жазды бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, Біртанов 2017 жылы министр болып тұрғанда Рахым Ошақбаевпен осы тақырыпта теледебатқа да шығып, пікір таластырған.