Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді
Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Айта кетейік, бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.
Еске салайық, бұған дейін 51 жастағы Әлихан Смайылов Қазақстанның Премьері лауазымын 2 жыл бір ай атқарды.