Экс-президенттің ескерткішінің тұғыры алынып тасталды
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Есдәулет Қызырбекұлы жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Талдықорғанда Қаңтарда қираған Назарбаев ескерткішінің тұғырын светті өшіріп қойып, жеті қараңғы түнде алып тастапты. Жарық дүниеден қорықты ма, жоқ әлде күн көсемді қатты құрметтеді ме, кім білсін, әйтеуір тұғырынан тайдырыпты экс-елбасыны», – дейді ол.
Айта кетейік, 2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастады. Бұл ескерткіштің авторлары – мүсінші Қазыбек Жарылғапов (2019 жылы қайтыс болған) пен Мирлан Азмағанбетов.
Сол жылы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда қиратылған Назарбаев ескерткіші қалпына келтірілмейтінін мәлім еткен.