Самат Әбіш қайда? - Бас прокурордың орынбасары жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Іс сотқа жіберілген

Фото: gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Мен бұл іс сотта екенін білем. Ал оның қайда, не істеп жүргенін... Ол Қазақстанда. Тергеу кезінде ол «ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен» жүрген. Бұдан әрі айта алмаймын, өйткені бұл іске менің де рұқсатым жоқ», – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Бұған дейін тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілгені хабарланған еді. Іс сотқа жіберілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішті бұлтартпау шарасы әлі өзгертілмегенін айтқан еді.