Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Алматыда ҚР Премьер-министрінің экс-кеңесшісі Ерлан Қожағапанов ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Telegram арналарындағы хабарламаларға қарағанда, оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы департаментінің қызметкерлері ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне 2021 жылдың қыркүйегінде кіріскен болатын.