Бағдарлама биылғы наурыздан бастап іске қосылды
«9-20-25» бағдарламасы бірнеше жылға созылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Биыл наурыздан бастап «9-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Бірінші күннен бастап шамамен 1 мың өтінім түсті. «Отбасы банк» жұмыс істеп жатыр. Мамырда алғашқы өтінім мақұлданып, бағдарлама нақты іске қосылады», – деді министр.
Ол аталған бағдарлама бірнеше жыл бойы жұмыс істейтінін атап өтті.
"Бағдарлама бірнеше жылға созылады. «Бәйтерек» холдингі өз қаражаты және тартылған қаржы есебінен бағдарламаға қолдауды жоспарлап отыр", – деді Байбазаров.
Айта кетейік, 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасы басталды. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар "Баспана маркет" порталында бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.