Көктемде автогаз бағасы тағы қымбаттайтын болды

Qaz365.kz редакциясы

Алғашқы өсім 2024 жылдың бірінші тоқсанында күтілген

Фото: primeminister.kz

Энергетика министрлігі автогаз бағасы тағы қымбаттайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр Алмасадам Сәтқалиев биыл көктемде 5-8 теңгеге өсіреміз деп отыр. Жалпы, министрлік сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын көтермекші.

«Биыл әр өңірге байланысты 5-8 теңге шамасында көтеру жоспарда бар. Министрлік осы жылы көктемде өсіруді жоспарлап отыр», – деді Сәтқалиев Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысынан кейін өткен брифингте.

Үш жыл бойы сұйытылған газ бағасы жарты жыл сайын 5 теңгеге көтерілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Алғашқы өсім 2024 жылдың бірінші тоқсанында күтілген еді.