Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін Алматыда “саяси тұтқындарды” қолдап, баспасөз мәслихатын өткізбек болған.
Рысбек Сәрсенбайұлын полициядан жансақтау бөліміне алып кетті. Адам құқығын қорғау бюросы Рысбек Сәрсенбайұлы реанимацияға орналастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.
Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін Алматыда “саяси тұтқындарды” қолдап, баспасөз мәслихатын өткізбек болған. Оны үйінің маңында полиция тоқтатып, қалаға жібермей тұрғанын әуелі хабарлаған. Ол Республика алаңында сағат 11-де өтуге тиіс болған жиын “Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы 13 мектептің жанында өтетінін” хабарлап, ақпарат құралдарын, сол жиынға қатыспақ болған азаматтарды мектеп маңына келуге шақырды.
«Мен қазір Маржан Аспандиярова екеуіміз көліктеміз. Есікті ашқан жоқпыз. Сондықтан журналистердің осында келулерін сұраймын», – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Көп өтпей адвокат Айнара Айдарханова полиция Рысбек Сәрсенбайұлын ұстап әкеткенін хабарлады. Евгений Жовтистің хабарлауынша, Рысбек Сәрсенбайұлы мен Маржан Аспандиярованы ұстау кезінде полиция өте дөрекі күш қолданған.
Көп өтпей Рысбек Сәрсенбайұлын ауруханаға алып кеткен. Адам құқығын қорғау бюросы Рысбек Сәрсенбайұлы реанимацияға орналастырылғанын хабарлаған. Ал адвокат Жалғас Сапарханованың айтуынша, полиция Рысбек Сәрсенбайұлы мен Маржан Аспандиярованы ұстау кезінде дөрекі күш қолданғанын мойындамаған. Полиция Қонаевтағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотына байланысты іс қозғалғандығын айтқан.