Бишімбаевтың сотына журналистер мен жақтастары сыймай жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың соты болады

Фото: Qaz365.kz

Бүгін Астана қаласында атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталады. Сағат 15:00-ге жоспарланған отырысына жиналғандардың саны көп болғандықтан тексеріп, кіргізіп үлгегере алмай жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми түрде ақпарат таратуға 75 БАҚ өкілі тіркелген. Олардың орыс-қазақ редакциясы, оператор-фотографтары бар. Сонымен қатар күдікті Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың жақындары бар.

Бишімбаевтың ісін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Ол бұл қызметке президенттің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалды.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Жақында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кеткенін айтып, дабыл қаққан еді.