Қошанов журналистердің сұрақтарына жауап берді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтан ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты айтқан келеңсіз мәлімдемелеріне қатысты сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жақында Ерлан Қошанов Ресейге ресми сапармен барған. Ол Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан спикерге "2024 жылғы 3-4 наурыз аралығында Ресейге ресми сапармен бардыңыз. Онда РФ Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володинге ресейлік депутаттардың Қазақстан туралы жағымсыз пікірлерін, еліміздің территориялық тұтастығына қатысты айтылған мәселелерді көтердіңіз бе?" деген сұрақ қойылды.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, олар ресейлік сарапшылардың Қазақстанға қарсы арандатушылық мәлімдемелерін талқылаған.
«Бұл туралы біз сөйлестік. Бірлесіп, мұның жолын кесеміз. Бұл мәселе туралы Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Ол уәде бермеді. Біз бірлесіп, осы мәселемен жұмыс істейміз деп келістік», - деді Ерлан Қошанов.