Жаңа ипотекалық бағдарлама: Кімдер қатыса алатыны айтылды

Qaz365.kz редакциясы

300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр

Фото: depositphotos.com

Үкіметте жаңа ипотекалық бағдарламаға қатыса алатын азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа ипотека әлеуметтік тұрғыда осал топтарға берілуі шарт. Үкіметте бағдарламаға  қатыса алатын азаматтардың тізімі жарияланды.

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. Ол арқылы 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр.

Қатысушылар:

  • жұмыс істейтін жастар;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • банк салымшылары;
  • моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары;
  • ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар;

Хабарланғандай, жаңа бағдарлама аясында бір жылдың ішінде 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайту қарастырылған. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді.

Еске салайық, Атырауда өткен құрылтайда президент жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.