Мининстр аутизммен ауратын балалардың ата-аналарының зейнет жасын төмендетуге дайын екенін жеткізді

Qaz365.kz редакциясы

Ол тиісті министрліктер тарапынан қаражат көлемін есептеу қажеттігін айтты

Фото: parlam.kz

18 наурызда Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің алдағы жоспары жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол депутаттардың аутизммен күрес мәселесі бойынша сұрақтарына жауап берді.

«Аутизмның дүниежүзінде толық себептері анықталған жоқ. Оған қарсы толық медициналық ем жоқ, бұл психо-корректорлық, яғни педагогикалық коррекциямен жүргізілетін мәселе. Сондықтан мамандардың тапшылығы барын жақсы білеміз. Себебі соңғы бес жылдың ішінде үлкен өсім болып отырған соң, мамандардың да тапшылығы бар. Бұл жұмыспен айналысудамыз», – деді министр.

Сондай-ақ министр аталған диагнозбен ауратын балалардың бір ата-анасын зейнетке шығару мәселесіне де тоқталды.

«Зейнетке байланысты тиісті министрліктер тарапынан қаражат көлемін есептеу керек. Бір ата-анансының зейнетке шығу мәселесін тағы пысықтаймыз. Егер бала ресми түрде мүгедектік алса, бұл мәселені қолдау керек деп ойлаймын», – деді Ақмарал Әлназарова.