Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені айтылды

Qaz365.kz редакциясы

Министр Қазақстанның қанша қарызы бар екенін айтты

Фото: 24.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызының соммасын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.

"2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болған", - деді Такиев үкіметте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен. Ал шекті деңгей – 33 процент. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы (АҚШ долларымен есептегенде) 8,3%-ға азайды.