Министр қала болуы мүмкін ауылдар тізімін ұсынды
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы қала болуы мүмкін ауылдар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық аумақтарды дамыту туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде елде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Мәслихаттардың шешімі бойынша, оларға қала мәртебесі берілуі мүмкін.
Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар: