Назарбаевтың інісі Самат Әбішке үкім шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ақпараттыә Дат газеті таратты.

Orda.kz

Депутат Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында Самат Әбіштің сотталғаны туралы жазба жариялады. Бапи - Дат газетінің иесі әрі Мәжіліс депутаты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды”, – делінген жазбада. 

Ермұрат Бапи бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмағанын айтып, сот шешіміні әлдекімдердің әсер еткенін айтады. 

“Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер "8 жыл" деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл "комедияның" басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай”, - дейді ол.

Самат Әбіш Қаңтар оқиғасына дейін ҰҚК төрағасы болған әрі кейін мемлекеттік опасыздық жасады деген айыппен 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтың бірінші орынбасары болған. ҰҚК департаментін басқарған, қазір де соты өтіп жатқан Руслан Ысқақов сол тұста Самат Әбіштен бұйрық алғанын айтқан еді.