Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қуандық Бишімбаевқа қатысты сұраққа жауап берді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов тергеу изоляторында отырған Қуандық Бишімбаевқа арнайы жағдай жасалмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, Бишімбаев көпшілікпен бірге тергеу изоляторында отыр.
«Ешкімге ерекше жағдай жасалмайды. Барлығын заң тәртібі бойынша ұстайды. Ол жалпы камерада отырады, жанында басқа адамдар да бар», – деді Сәденов.
Сонжай-ақ министр алдын ала сот отырысында конвойдың не себепті көп болғанын да айтты.
«Бізде нақты тәртіп бар. Бір сотталушының жанында үш-төрт конвой жүреді. Ол жерде екі сотталушы ғой. Сол себепті конвой да көп болды», – деді министр.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді деп жоспарланған.