Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді

Qaz365.kz редакциясы

Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: gov.kz

Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, бұл қызметтегі Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылды.