Украина президенті CBS News арнасына сұхбат берді
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік басқыншылар мамырдың аяғында немесе маусым айының басында жаңа шабуылға дайындалып жатқанын мәлім етті. Алайда олардың бағыты қалай болатынын ашып айтпады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
CBS News арнасына берген сұхбатында ол: «Украин әскері алдағы айларда күтілетін тағы бір ірі ресейлік шабуылдан қорғануға әлі дайын емес» отыр.
«Бүгінгі таңда шығыстағы жағдай барынша тұрақтанды. Тиісті қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тапшылығына қарамастан, жағдайды тұрақтандыра алдық. Қазіргі ахуалымыз осыдан 2-3 ай бұрынғыдан жақсы», - дейді Владимир Зеленский.
Сұхбат алған журналист одан «Украина АҚШ-тың көмегінсіз соғыста жеңіле ме?» деп сұрады.
«Бұл шындық. Біз көмек болмаса, жеңілеміз. Әрине, бір күнде емес, бірақ аумағымыздың белгілі бір бөлігінен айырыламыз. Жерімізден айырылу – адамнан айырылумен бірдей. Путинге біз Ресей Федерациясының спутингі секілдіміз. Қазір бізді, сосын Қазақстанды басып алғысы келеді. Кейін Балтық елдеріне шабуыл жасап, кем дегенде Германияның жарты жерін өзіне қаратқысы келеді. Ол 80 және 90-жылдардағы кеткен есені қайтаруды көздейді. Бізге Путиннің пікірін өзгерту қажет емес. Біз оны ауыстыруымыз керек», - деді Украина президенті.