Су тасқынан зардап шеккендерге бюджетте қанша қаржы бар – министр жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Жергілікті бюджетте қанша ақша бар

Фото: 24.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің кулуарында төтенше жағдайларға жергілікті бюджетте қанша теңге бар екенін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржыны бөлу мәселесі) жергілікті бюджеттен пысықталады. Онда бұл қаржы бар. Қазақстан бойынша жергілікті бюджетте төтенше жағдайға 26 миллиард теңге қарастырылған. Бұл ақша әкімдіктерде. Аталған қаржы жетіспесе, бізде Үкіметтің резерві бар. Одан біз ақшаны тағы бөлеміз», - деді Мәди Тәкиев.

Журналистер Қаржы министрінен бұрын айтылған 7 миллиард теңге қайдан шыққанын сұрады.

«Бұл ақпаратты тексеру керек. Бөлінетін ақша бар. Олар жергілікті бюджетпен өз бюджетін шатастырып отырған шығар деп ойлаймын. Бірақ бізде осындай жағдайда жергілікті бюджетте ақша бар. Мысалы, былтыр жергілікті бюджетте осындай оқиғаның алдын алу үшін 20 миллиард теңге қарастырылған», - деді ол.

Бұған дейін Төтенше жағдай министрлігі су тасқынынан 15 мыңнан астам құтқарылғанын айтқан болатын.