Утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма
Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келген. Тілшілер кулуарда министрден тағы да утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Осы сұраққа мен бірнеше рет жауап бердім. Қазіргі таңда утилизациялық алымға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мемлекетте ондай жоспар жоқ. Журналистер осы сұрақты жиі қойып тұрады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: ешқандай өзгеріс болмайды», – деді Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін де Қанат Шарлапаев журналистерге Қазақстанда утильалымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдегені бар.
Төменгі палатада осы мәселені көтеріп жүрген депутат Нартай Аралбайұлы жақында министрге ойлануға кеңес берген болатын.