Тоқаев Әркен Өтеновты қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.