Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Президент тиісті жарлыққа қол қойды

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Жасұлан Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдымен Мәжіліс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кандидатурасына келісім берді. Сосын президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Жасұлан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, ҚР Ұлттық банкінің құрылымында, «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» компаниясында, Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында» басшылық қызметтер атқарған. 

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылы қаңтарда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалған.