«Ісіме өкінбеймін»: автошерушілерден КСРО туын тартып алған Жанболат Шайзада бостандыққа шықты

Qaz365.kz редакциясы

Жанболат туды тартып алып, акцияға қарсылық білдірген

Алматыда 9 мамырда КСРО туын тартып алып, кейіннен бес күнге қамауға алынған Жанболат Шайзада бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оны уақытша изолятор алдынан елуге жуық адам Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеріп, күтіп алды.

«Мен тағылған айыппен келіспеймін. Апелляциялық отырыс бүгін болып, сот шешімі өзгеріссіз қалды. Уақытымыз да бітті. Жазасын өтедік. Істеген ісім үшін өкінішім жоқ. Менің орнымда қандай қазақ болса да сондай істейді деп ойлаймын. Әр ісімізді заңды түрде жасайық. Олардың әрекеттері дұрыс емес», - дейді Жанболат Шайзада.

Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Алматы қаласында Жанболат Шайзада КСРО туын алып шығып, автошеруге шыққан бір топ адаммен шекісіп қалған еді. Жанболат туды тартып алып, акцияға қарсылық білдірген. Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды. Полиция оны бес күнге қамады.