«ҚазМұнайГаз» басшысы ауысты, енді кезек Ноғаевта ма?

Qaz365.kz редакциясы

Бұл отставкаға не әсер еткен болуы мүмкін

Коллаж: El.kz

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы ауысты. Осыған дейінгі басшы Мағзұм Мырзағалиевті Асхат Хасенов алмастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұған дейін Энергетика вице-министрі болған. Жаңа басшыны ұжымға «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды. 

Блогер Ербол Еділов сонымен қатар бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен кетуі мүмкін деп жазды.

Айта кетейік, Маңғыстаудағы Жетібай мұнай кенішінің 500-дей жұмысшысы желтоқсанның басынан бері ақ қар, көк мұзда далада тұрып, бірнеше ай ереуілдеткен болатын. 

Бұл отставкаға осымен байланысты болуы ықтимал.