Экс-министрді қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол осы жылғы 21 маусымға дейін қамауда болады.
"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын осы жылғы 21 маусымға дейін ұзартылды", - делінген Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.