Өндірісті дамытпасақ, Glovo мен Яндекстегі тамақ бәріне жетпейді – министр Шарлапаев

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанға логистикалық тасымалдау тиімсіз болып отыр

Фото: mgorod.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзінің принципті ұстанымын айтты. Ол Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Егер біз өнеркәсіпті дамытпасақ, онда бізде Glovo немесе "Яндекс.Тамақ" деген жазуы бар қораптар жетпейтінін түсінуімізз керек. Менің ұстанымым – біз өнеркәсіпті дамытуымыз керек. Өнеркәсіпті дамытуға нақты ақша салған абзал әрі мемлекет бұл осы ұстанымды қолдайды. Әйтпесе біз одан әрі экономикалық дам көшінің соңында болатын ел болып қаламыз. Мен мұны қаламаймын", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте.

Өнеркәсіп министрлігінің басшысы бүгінгі таңда Қазақстанда автокөліктің орындығы, дискілері, шиналары мен пластик өндірілетінін айтты. Сонымен қатар мультимедиялық жүйелерді құрастыру және локализациялау жобасы бар. Келешекте елімізде ірі пластикалық бұйымдар-бамперлерді құюға көшеді, өйткені оларды Қазақстанға логистикалық тасымалдау тиімсіз болып отыр.

Шарлапаевқа бұлай эмоцияға толы жауап беруіне утильалымға байланысты сұрақтың бірнеше рет қойылғаны себеп болған. Утильалымға қарсы петиция 50 мың қолдан асып кетті. Енді ол құжат 40 күннің ішінде қаралуы керек.