Ұлттық қор балаларға: жобадан қанша балаға қаражат бөлінді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты

Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұған дейін "Ұлттық қор балаларға" жобасы бойынша жалпы балалар 30,6 млн. доллар алып үлгергенін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мәселен, бюджет шығыстары 99,6% - ға атқарылды және 22,4 трлн. теңгені құрады. Игерілмеген қаражат – 73 млрд. теңгені, ал үнемдеу, Үкімет резервін қоса алғанда – 27 млрд .теңгені құрады. Игерілмеудің негізгі себептері жылдан-жылға қайтануда. Оған Шарт талаптарын бұзуы мен тауарларды уақтылы жеткізбеуі жатады», - дейді ол.

Тәкиев 2023 жылы Ұлттық қордың қаражатын басқару тиімділігі бойынша оң өзгерістер байқалатынын айтады, Мәселен, Ұлттық қордың активтері былтырға қарағанда 13,4%-ға ұлғайып, 65,7 млрд АҚШ долларын құраған. Кепілдендірілген трансферт – 4-тен 2,2 трлн. теңгеге дейін екі есеге төмендеген. «Ұлттық қор-балаларға» жобасы бойынша ағымдағы жылы бір балаға есептелген сома 100,5 АҚШ долларын құраған. Жалпы сомасы 695,5 млн. доллар мөлшерінде есептелді, оның ішінде 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа жетіп, 30,6 млн. доллар мөлшеріндегі қаражатты пайдалана алды.