85 мың теңгеге өмір сүруге болады деген шенеунік қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл қызметке 2022 жылы тамызда тағайындалған

Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл қызметке 2022 жылы тамызда тағайындалған. 

Олжас Ордабаев былтыр Қазақстанда 85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болатынын айтқан шенеунік. Осы пікірі үшін қоғамда сынға ұшыраған.


Осыдан кейін елде петиция жинау басталған болатын. Бастамашы топ әкімдердің, министрлердің, депутаттар мен өзге де шенеуніктердің айлығын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді ұсынғаны бар.