Қазақстанда депутат қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салуды ұсынғалы отыр

Qaz365.kz редакциясы

Депутат Ермұрат Бапи заң жобасына өзгеріс енгізуді көздейді

Фото: ашық дереккөзден

Депутат Ермұрат Бапидің айтуынша, төменгі палатаға дін мәселелерін реттейтін заң жобасы күзде келіп түседі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әзірге заң жобасын мемлекеттік органдар әзірлеп жатыр. Жауапты министрліктер өз түзетуі мен өзгерістерін енгізіп, Парламентке күзде әкеледі. 

Депутат Ермұрат Бапи заң жобасына өзгеріс енгізуді көздейді.

“Заң жобасында мектепке діни киіммен келу мәселесі де қаралады. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу мәселесі де бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз”, – дейді Ермұрат Бапи.