Үнзила Шапақ әріптесінің көтерген мәселесімен келісетінін айттты
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров төменгі палатаның жалпы отырысында Жоғарғы соттың шешіміне халықтың ашу-ызасы көп екенін айтып, мәселе қашан шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл заң арқылы кассациялық қараудың алдында алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Дәл осы мәселе азаматтардың ашу ызасын тудыратын. Өйткені, Жоғарғы соттан әділеттілік таба алмаған азаматтар бізге, Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінді. Қазір мұндай азаматтар өте көп. Нақты сұрағым - осы заң қабылданнан кейін. Азаматтардың Жоғарғы сотқа шағымдары тоқтай ма, әлде жалғаса бере ме? Өйткені, шынын айту керек. Жеке билік тармағы болса да, бүгінгі таңда сот жүйесіне және ең негізгісі Жоғарғы соттың шешімдеріне халықтың ашу-ызасы өте көп. Өйткені соттың шешімдері көп жағдайда халыққа түсініксіз. Сондықтан біз әділеттілікті орнатымыз ба, әлде бұрынғыдай халықты әуреге сала береміз бе?» – деп сұрады Ерлан Саиров.
Мәжіліс депутат Үнзила Шапақ әріптесінің көтерген мәселесімен келісетінін айттты.
«Сіз дұрыс айтасыз. Жобада алдын ала қарау немесе іріктеу кезеңі алынып тасталып отыр. Жалпы бұл не үшін істеліп жатыр? Шын мәнінде біз неге азаматтардың наразылығына тап болдық деген сұрақ туындайды. 2016 жылы 5 сатылы сот төрелігінен 3 сатылы сот төрелігіне көшкен кезде кассация айтарлықтай қысқартылған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жалпы істің 5 пайызы ғана кассациялық сатыға жетіп отыр. Осы тұрғыда халықтың, азаматтардың көтеріп отырған мәселесі осы, қолжетімділік жоқ», – деді Үнзила Шапақ.
Оның айтуынша, осы себептен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға толыққанды кассация сатысын ұсыну мәселесін көтеріп, жаппай кассацияға жіберу ұсынылып отыр.
«Әрі қарай жұмыс тобында мұны қолдап, талқылап жатырмыз. Дегенмен Жоғарғы соттың өкілдері статистикаға сүйене отырып, сіздің айтқан шағымның аз болатынын, болмайтыны туралы сұраққа толыққанды жауап береді деп ойлаймын», – деп айтты депутат.
Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов бұл модельге не себепті көшіп жатқанын айтты.
«Жалпы кассация қажет. Дұрыс айтты, 2016 жылы қабылданып, заңға енгізілген өзгерістер мен қолданыстағы заңдар кассациялық істердің келуін шектейді. Сондай-ақ судьялардың азаматтық істер бойынша мысалы, дара үштікпен қаралған облыстық соттың актілеріне баға беруі үнемі сынға ұшырауда. Оны біз мойындаймыз. 2016 жылғы реформа тиімсіз жерін көрсетті. Соны дұрыстау керек. Жалпы кассация өткен кезде барлық іс алқа мен үштікпен яғни ең кемінде 3 судьямен қаралады. Ешқандай алдын ала тыңдау жоқ, оның бәрін алып тастаймыз, қылмыстық және азаматтық істерден. Қазір бізде әкімшілік істерде (бұл норма) қолданыста бар», – деді Нұрсерік Шәріпов.