Жаңа министр Мәжіліс депутатының күйеу баласы болып шықты

Qaz365.kz редакциясы

Жасұлан Мәдиев журналистердің қызмет жолына қатысты сұрақтарына жауап берді

Фото: inbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған Жасұлан Мәдиев журналистердің қызмет жолына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов менің қайын атам. Ол менің министр болып тағайындалуыма еш әсер етпеді. Бәрі заң аясында болды», - деді ол.

Сондай-ақ ол 2006 жылы сол кездегі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен қалай жұмыс істегенін айтты.

«Жалпы көп адаммен бірге жұмыс істедім, барынша адал болуға тырыстым. Мен кезінде Үкімет басшысы болған Кәрім Мәсімов, Асқар Мамин және Әлихан Смайылов сияқты адамдармен де жұмыс істедім»,- деді ол.