Депутат тілшілердің сұрақтарына жауап берді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи журналистер арасында салафизм мен уахабизмді жақтайтындары жетерлік екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ата-аналар баласының басына хиджаб кигіземін деп мектепке апармай ұрпағын қараңғы қалдырады. Бұл – надандық. Мұндай мәселені журналистер де күшейтіп жатқанын білемін. Журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындар жеткілікті. Сол саладағы ресурстар бар. Олар қазіргі қоғамдағы мәселені ушықтырып жатыр», – деді депутат.
Айта кетейік, дінге қатысты заң жобасын Мәжіліс күзде демалыстан келген соң қарастырмақшы.