Биыл күзде АЭС салу бойынша референдум өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы президент хабарлады

Фото: Unsplash

Президент Тоқаев Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.