Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар екі айлық каникулға кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов VIII сайланған құрамының 2 сессиясында палаталар 5 бірлескен отырыс, мәжілістің 39 жалпы отырысын және сенаттың 43 жалпы отырысы өткенін айтты.
«Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларын, Президенттің сайлауалды бағдарламасын, Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді іске асыру депутаттық корпус қызметінің негізгі өзегіне айналды. Осыған байланысты екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі де мазмұнды болды», – деді Қошанов отырыста.
Ол Парламент еліміздегі ең өзекті проблемалар бойынша заңнамалық шешімдер шығару және оларды ашық талқылау алаңына айналды. Түйткілді мәселелерді заңдар арқылы шешу негізгі тетік ретінде қалыптасып келеді. Нормативтік құжаттардың мәртебесі мен салмағы артты деп айтты.
«Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық», – дейді Ерлан Қошанов.