«МӘМС-тің 1 трлн теңгесі қайда?»: Депутат медициналық сақтандыруды сынады

Qaz365.kz редакциясы

Депутаттың ойымын желі қолданушылары да келісетін сияқты

Фото: Бақытжан Базарбек / facebook.com

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек МӘМС жүйесі дұрыс істемейтінін айтып, наразылығын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«МӘМС-тің 1 трлн теңгесі қайда? Олардың жүйесі дұрыс істемейді. Мысалы мені Астанада емдеуден өтті деп есеп береді, ал мен негізі Алматыда тұрамын. Осындай қитұрқы әрекетпен ақшаны шығарып жатыр. Депутаттар министрден де, МӘМС басшылығынан да «1 трлн теңге қайда кетті?» деп есеп ала алмай отыр», - дейді Бақытжан Базарбек. 

Депутаттың ойымын желі қолданушылары да келісетін сияқты. Себебі олар да осы сынды пікір жазған. 

«Олармен неге Анитикор айналыспайды?», «МӘМС деген алаяқтықтың бір түрі ғой», "МӘМС жүйесі мүлдем керек емес»,»Айлығымыздан біраз ақша ұстап қалады, ал емханаға барсаң, түк істемейді», – деп жазып жатыр желі пайдаланушылары.