Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұраған

Фото: ашық дереккөзден

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдағаны хабарланған.