Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады

Фото: Reuters

Биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді», – делінген хабарламада.

Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.