Қазақстанға Араб шейхі келді

Qaz365.kz редакциясы

Оны министр күтіп алды

Фото: ЦДИАӨ министрлігі

Рас-Эль-Хайма әмірі Сауд ибн Сакр әл-Қасими Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ)саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша, шейхтің борты елордалық әуежайға қонды.

Ведомство басшысы Жаслан Мәдиев әмірді күтіп алды.

Біріккен Араб Әмірліктері өткен жылдың мамыр айында ШЫҰ-да диалог бойынша серіктес мәртебесін алды, бұл мемлекетке ұйымның жұмысына белсенді қатысуға және бірлестіктің басқа мүшелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.