Экс-қорғаныс министрі Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды

Фото: gov.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға бас хатшысы тағайындалды. Бұл лауазымды Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев атқарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды.

Ермекбаев ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарады, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырады. Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары.

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, төтенше және өкілетті елшісі, саяси ғылымдарының кандидаты. Ол 2018 жылғы 7 тамыздан 2021 жылғы 31 тамызға дейін ҚР Қорғаныс министрлігін басқарды, генерал-лейтенант әскери атағы бар.

Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.