Президент Жарлық щығарды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті атқарған Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.