Петициядан да нәтиже шықпады: Утилалым алынбайды

Qaz365.kz редакциясы

Министрдің айтуынша, арнайы жұмыс тобы петицияны қарастырды

Qaz365.kz коллажы

Өнеркәсіп және құрылыс министрі утиль алымына қарсы петицияға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шарлапаевтың айтуынша, арнайы жұмыс тобы петицияны қарастырды.



«Барлық заңнамалық талаптар сақталды.Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды», – дейді министр.

Бұған дейін Алматыда утилизациялық алымға қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдау өткен еді.