Джо Байден президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

АҚШ басшысы енді президенттік мерзімі аяқталғанша «міндетін атқаруға көп көңіл бөлмек» ниетте

Фото: facebook.com/joebiden

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 21 шілде күні өзін президенттік сайлауға үміткерлер тізімінен алып тастағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Джо Байден президент сайлауы бәсекесінен шығатынын мәлімдеді. 

Ол X желісінде жариялаған мәлімдемесінде Демократиялық партия мен өз елінің мүддесі үшін биыл қарашада өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын жазды.

АҚШ басшысының айтуынша, енді президенттік мерзімі аяқталғанша «міндетін атқаруға көп көңіл бөлмек» ниетте.

«Президент ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен қайта сайлануға ниет білдірсем де, сайлаудан шығып, президент ретінде лауазымдық міндетім толық аяқталғанша қызметімді атқарсам, бұл партия мен ел үшін тиімді болады деп ойлаймын», — деді Джо Байден.