Кәрім Мәсімовке рақымшылық беріле ме?

Qaz365.kz редакциясы

Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасап, билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.

"Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті", – деліген президент әкімшілігінің хабарламасында.