Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін KAZENERGY-дің бас директоры болды

Фото: primeminister.kz

Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл қызметті атқарған Назира Нұрбаева Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. 

Айта кетейік, Әлібек Қуантыров бұған дейін KAZENERGY-дің бас директоры болды.