Облыс әкімі «Петропавл» атауы қай кезде өзгеретінін айтты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгертуге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Менің ойымша, бұл бүгінде маңызды емес. Өйткені бізде абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік дамуға қатысты басқа да көптеген проблемалар бар. Бүгінгі күні ол мәселе екі еселеніп кетті. Иә, Петропавл атауын өзгертуді қалайтындар бар. Сосын қазір емес дейтіндер де жетерлік. Бірақ мұның саясатқа қатысы жоқ», – деді ол.
Әкім ең алдымен, халықтың пікіріне назар аударатынын айтты.
«Көпшілік атауды өзгертуді қолдаған кезде, біз оны қарастырамыз», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.