Түркия Парламентіндегі төбелес: билеуші партияның депутаттары оппозиционерді сабап тастады (Видео)

Qaz365.kz редакциясы

Парламенттегі жаппай төбелес шамамен жарты сағатқа созылды

Cumhuriyet.com.tr

Түркия Парламентінде құқық қорғаушы Джан Аталайға депутаттық мандатты қайтару мәселесі қаралған отырыста төбелес басталды. Аталай «режимді құлату жөніндегі акциялар мен демонстрацияларға» қатысқаны үшін 18 жылдық түрме жазасын өтеп жатыр. Ол «Түркияның жұмысшы партиясынан» парламенттік сайлауға қатысқан, деп хабарлайды NTV.

Билеуші «Әділет және даму партиясының» депутаты, бұрынғы футболшы Алпай Озалан оппозициялық депутат, «Түркия жұмысшы партиясының» мүшесі Ахмед Шикті үкіметті сынағаны үшін ұрған. Шик президент Ердоғанның жақтастарына нұсқап «Аталайды террорист деп атағандарың таңғалдырмайды. Барлық азаматтар бұл елдің ең үлкен террористері – екі кеменің артынан ұстаған адамдар екенін білуі керек» деген.

Осы сөздерден кейін Озалан мінберге жақындап, Шикті ұрып, еденге жықты. Еденде жатқан депутатты Озаланның пікірлестері ұра бастаған, содан кейін басқа депутаттар араласқан. Парламенттегі жаппай төбелес шамамен жарты сағатқа созылды. Бірнеше депутат, олардың арасында әйелдер де жарақат алды, отырыс залының едені қанға малынды. Содан кейін оппозицияның Аталайға мандатты қайтару жөнінде ұсынысынан бас тартылып, дауыс берілді.